Ахметов Елбасына қазақстандық әскердің жауынгерлік дайындығын баяндады
2014 ж. 18 маусым
2057
0
Қазақстан Президенті министрліктің басымдығы бар міндеттері қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы Күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, әскердің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін шешу екендігін атап өтті.
Серік Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы күштерді жоғары жауынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады. Сондай-ақ ол армияны әрі қарай кәсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары туралы да айтты.
Сонымен қатар Ахметов Президентті таяуда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары жөнінен хабардар етті.
Елбасы қорғаныс саласының басшысына кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
ҚазАқпарат