Қазақстан 10 мемлекетпен визасыз режим орнатпақ
2014 ж. 17 маусым
1598
0
ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Бизнес байланыстарды, кәсіпкерлердің халықаралық кооперациясын кеңейту үшін визалық тосқауылдарды жою қажет. Бүгінде біз Қазақстанда барынша жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режімді біржақты бекіту турасында жария етеміз», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан Көшбасшысының атап өтуінше, бұл тізімде, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Корея Республикасы және Жапония бар.
Қазақпарат