Бауыржан Байбек күмәнді мәліметтер үшін облыс әкімдерін жауапқа тартады
2014 ж. 16 маусым
1846
0
«Сорақы фактілерге жол берілуде, яғни статистикалық мәліметтерді көтеру үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарды бір күнге жұмыстан шығарып, кейін оларды жұмысқа қайта қабылдайды. Осыдан кейін бізге қанша мүгедек азамат қызметке қабылданғандығы жайында статистиканы ұсынады», - деп тоқталды ол. Б.Байбектің айтуынша, партияға Қазақстан өңірлерінде 4 мың мүмкіндігі шектеулі адамның жұмысқа орналасқандығы жайында мәліметтер келіп түскен. Осы орайда ұсынылған мәліметтерге көз жеткізу үшін партиялықтар бір мың адамның әрқайсысына телефон шалып, зерделеген. Нәтижесінде, құқық бұзушылықтар барлық өңірлерде анықталды. «Осындай фактілерді анықтаудамыз. Менің ойымша, біздің облыстық филиалдардың басшылары - облыс әкімдері, төрағалардың бірінші орынбасарлары мен тиісті лауазымды тұлғалар бұл ахуалды түзетуі керек. Егер бұндай жағдай қайталана берсе, біз партиялық ықпал етудің өте қатаң әрі нақты шараларын қабылдаймыз», - деді ол.
Автор: Руслан Ғаббасов
http://www.inform.kz/