Қарағанды аудандық экс-прокурордың жұбайы өз-өзіне қол жұмсамақ болды
2014 ж. 16 маусым
1687
0
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жазатайым оқиға салдарынан Ақтоғай ауданының экс-прокурорының зайыбы оқ тиіп жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады аудандық прокуратурадан.
«Қайғылы оқиға өткен жұмада, 13 маусымда орын алды. 40 жастағы әйел ішінен оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды. Зардап шегуші өзіне-өзі байқаусызда оқ атып алғанын айтты», - деді аудандық прокуратурадан.
Ведомство өкілінің айтуынша, зардап шеккен әйел ешкімді кінәламайтынын айтып өтініш жазған.
«Оның жұбайы прокуратура жүйесіндегі қызметінен босатылғаннан кейін еш жерде жұмыс істемейді», - деп қосты олар.
http://www.inform.kz/