Маңғыстау облысы төртiншi мұнай өңдеу зауытын орналастыруға дайын
2014 ж. 13 маусым
1845
0
Маңғыстау облысы төртiншi мұнай өңдеу зауытын орналастыруға дайын.
Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова мәлiм еттi.
"Мұнай өңдеу зауытын салуға келетiн болсақ, 90-шы жылдары бiзде оған қажеттi алаң дайындалған болатын. Жалпы база бар, аймақтық ерекшелiктерге байланысты тиiстi шешiм қабылданатын шығар деп ойлаймын. Бiз Қазақстанның төртiншi мұнай өңдеу зауытын орналастыруға дайын облыстардың бiрiмiз. Мұндай ұсынысты тастадық", - дедi ол.
Айта кетейiк, Мемлекет басшысы Қазақстанда төртiншi мұнай өңдеу зауытын салу жөнiнде тапсырма берген болатын. Қазiргi уақытта Үкiмет оның қай облыста орналасатынын шешуде.
Қазақпарат