Елімізде бір тәулікте 6 адамның ажалы судан болды
2014 ж. 12 маусым
1711
0
Өткен тәулікте суға батып кеткен 6 және 8 жастағы екі бала мен 13 және 15 жастағы екі жасөспірімнің, сонымен бірге, 35 және 50 жастағы екі ер адамның мәйіттері Қазақстанның су қоймаларынан шығарылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ ақпараттық порталында хабарланды.
Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Ор өзеніне 10 маусым күні суға түсу кезінде 2006 және 2008 жылдары туған екі бала батып кетті. Олардың мәйіттерін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында Арыс өзеніне 9 маусым күні суға түсу кезінде 1999 және 2001 жылдары туған екі жасөспірім батып кетті. 10 маусым күні мәйіттер ОҚО ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды.
Ақмола облысының Аршалы ауданында Есіл өзеніне 9 маусым күні 22.05 кезінде балық аулау кезінде 1979 жылы туған ер адам батып кетті. 10 маусым күні 11.10 кезінде мәйіт судан табылып, ҚР ТЖМ «ОААЖҚЖ» ММ күшімен шығарылды.
Орал қаласында Шаған өзеніне 10 маусым күні суға түсу кезінде 1964 жылы туған ер адам батып кетті. Оның мәйіті судан Батыс Қазақстан облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен табылып, шығарылды.
Қазақпарат