Семей полигонынан зардап шеккен азаматқа көмек керек
2014 ж. 12 маусым
8935
0
Семейдегі ядролық сынақтан зардап шеккен Берік Сыздықовқа қаржылай көмек керек. Беріктің дертінен құлағдар болған испаниялық дәрігерлер оған бірінші отаны тегін жасап беріпті. Алайда оған тағы екі ота жасау керек. Оған жетпейтін қаржыны Беріктің жақын-жуықтары жомарт жандардан сұрап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Еуропалық мамандар оны толығымен емдеу үшін тіпті Қазақстанға келуге де әзір.
Бұған дейін Берік Италия, Германия және Швейцарияда емделген. Алайда шипа қонбапты. Испан дәрігерлері де Беріктің толық сауығып кетеріне кепілдік бермеген. Ендігі оталардан кейін жағдайтүзеледі деп сендіруде. Тек, бір өкініштісі - ол енді мүлдем көре алмайды. Операция кезінде оның көзін алып тастаған.
36 жасқа келген Берік пен оның анасы қолда бар мүлкін бұған дейінгі емдеу шараларына қаржы жинау үшін сатыпты. Ал испандық дәрігерлердің жолы мен қаладағы жатын орнын көтеруге олардың шамасы жетпейді. Сондықтан жомарт жандардан көмек сұрап отыр.
Қазақпарат