50-ге таяған әйелді теміржол вокзалына "жарылғыш" зат қойды деп айыптауда
2014 ж. 09 маусым
1694
0
49 жасар Атыраулық әйел теміржол вокзалына «жарылғыш зат» қойды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Атырау стансасының ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында вокзал маңында жүрген 49 жасар әйелді ұстады. Ол темір жол вокзалына «жарылғыш зат» қойылғаны туралы жалған ақпар берді деп күдіктелуде. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйел ол кезде мас болған.
Жарылғыш зат туралы ақпарат ішкі істер желілік бөліміне 7 маусымда кешкі сағат 20.33-те түскен. Облыстық ІІД жедел басқару орталығынан кешкі 20:25-те белгісіз әйел «Атырау» теміржол вокзалының ғимаратында бомба қойылғандығы туралы айтқан. Алайда, жедел-іздестіру шаралары барысында жарылғыш зат табылмады. Қазір тексеру жүргізілуде.Қазақпарат