Оңтүстік Кореяда паром апатынан жолаушылар көз жұмды
2014 ж. 09 маусым
1815
0
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған паромдағы қаза тапқандардың саны 300-ге жуықтап қалды, Tengrinews.kz тілшісі "Росбалт" агентігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар кемеден тағы екі адамның денесін тапқан. Аталған агенттіктің деректері бойынша, 13 адам әлі із-түссіз жоғалған болып саналуда.
Естеріңзге сала кетейік, "Севол" паромы Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында 16 сәуір күні апатқа ұшыраған болатын. Кейіннен мәлім болғандай, капитан суға батып бара жатқан кемені ең алғашқылардың бірі болып тастап кеткен.
Кеме жолаушылары корабль суға батып бара жатқан кезде экипаж мүшелерінің адамдарды эвакуациялауға қатысты ешқандай да шара қолданбай, тек барлығын өз орындарында қалуға шақырғандары жөнінде шағымданған болатын.
Кейіннен капитан және экипаждың 15 мүшесі тұтқындалды. Тергеу болжамы бойынша, жолаушылар кораблі суға бата бастағанда, оның капитаны Ли Чжун Сок кеме рулін басқармаған. Паромды оның үшінші көмекшісі басқарған. Ал ол бұл қызметте небәрі бір жыл ғана жұмыс жасаған.
Бұдан соң бұл елдің премьер-министрі Чон Хон Вон қасіретті апатты жою барысындағы қателіктерді мойындап, өз еркімен отставкаға кеткені мәлім болды.
tengrinews.kz