Қашаған мұнайдан бүйірін толтырып отырған бюджетті тығырыққа тіремек
2014 ж. 05 маусым
2177
0
Тұралап қалған Қашағанның шығыны басқа кен орындарының есебінен өтелмек. Жоба үмітті ақтамағандықтан "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы өндірілетін мұнайдың көлемін азайтып алмасы үшін, қара алтынның балама жолдарын іздестіруге кірісіп кетті деп хабарлайды КТК арнасы.
Себебі Қашағаннан өндірілмей қалған мұнайдың орнын толтыру керек. Әйтпесе, мұнайдан түскен табыстан бюджет бүйірін толтырып отырған Үкімет тығырыққа тірелгелі отыр.
Ал апаттан көз ашпаған Қашағанның тұралауынан Қазақстан биыл жарты пайыз ішкі өнімнің өсімінен қағылады. Бұл шамамен 2 миллиард доллар. Қыруар қаржы бірден Ұлттық қорға түсетінін ескерсек, бұл әжептәуір шығын.
Кенішке мол инвестиция құйған АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Италияның алпауыт мұнай компанияларының да салы суға кеткен.
Ал жарылған теңіз астындағы 200 шақырымға созылатын құбыр ауыстыру жұмыстарының өзі кемі бір жылға дейін жалғаспақ. Сондықтан әзірше Қашағаннан қайыр болмайын деп тұр.
nur.kz