Мемлекеттік нысандардың кімнің иелігіне өтетіні жарты жыл бұрын белгілі болған

96aa716a546b6f08aad8cabd079e3674Қазақстанда саудаға шығарылған мемлекеттік меншіктегі ірі нысандардың иелері жарты жыл бұрын белгілі болды.

Бұл туралы ҚазТАГ-қа мемлекет меншігіндегі нысандарды болашақта жекешелендіру жағдайымен жақын таныс дереккөз хабарлады.

"Аталмыш ақпар жарияланғаннан кейін, мен екі-үш меншік нысандарымен таныстым, және болашақта жекешелендіруге жататын нысандардың кейбірінің басшылығынан олардың иелері жарты жыл бұрын белгілі болғанын да білдім", - деді девелопмент саласындағы бизнеспен айналысушы дереккөз сейсенбіде. "Мәселен, Астанадағы ҚазМұнайГаздың 18 қабаттық "Думан" қонақ үйі жекешелендіріледі. Маған оның қожасының кім болатыны, және оның қандай сома төлейтінін айтты. Бұл ешкім үшін де құпия емес, "білетіндер үшін" - шамамен 30 миллиондай доллар, ал қожасы – жақында ғана алып әкімшілік ресурсты иеленген бизнесмен", - деді әңгімелесуші.

Алматыдағы ірі нысан – "Қазақфильм" киностудиясын 60 миллионға бергілері келеді. Оның болашақ қожасының да атын білемін.

Бұл ретте сұхбаттасушы қоғамның ашуын тудырмас үшін мұндай жағдайда ашық тендер өткізу керектігін атап өтті. "Мен, жалпы (ірі нысандардың сатылуына – ҚазТАГ) қарсы емеспін, қарапайым халықта ондай ақшаның жоғын бәрі біледі, дегенмен тікелей эфирде ашық тендер өткізілу керек қой, бұл болашақта ешкімнің тағы да бір "жекешелендіру" туралы айтуына жол бермес еді, ал мемлекет көбірек ақша табу мүмкіндігіне ие болар еді", - деді сұхбаттасушы. "Украиналық республикалық телеарнада тікелей эфир арқылы Криворожстали Миттал Стилудың 4,8 миллиард долларға сатылғаны әлі көз алдымнан кетпейді. Менің ойымша бұдан бәрі ұтады", - деп толықтырды ол.

Дегенмен, мысалы, Алматыдағы "Республика сарайы" туралы мәлімет қорқыныш ұялатады. Мұндай ғимараттарды оның атауы мен онда өткізілетін шараларына сай жеке меншікке беруге де болмайды.

"10 жылдан кейін тағы біреу Алматы әкімдігін сату туралы ой қозғауы мүмкін, тағы 20 жылдан кейін мұндай қарқынмен Құдай сақтасын, Ақорданы да сатып жібереді. Тіпті девелопердің көзімен қарағанда да "Республика Сарайын" сату дегеніміз, білмеймін енді", - деп мәлімдеді сұхбаттасушы. Бұл ретте ол депутаттардың неге үнсіз отырғандарын түсінбейтінін айтты. "Маған ауыздарына су құйып алған депутаттардың ұстанымдары түсініксіз. Неге олар аталмыш мәселемен айналыспайды? Неге тікелей эфирде аукцион өткізуді талап етпейді? Неге мемлекет меншігіндегі нысандардың сатылып жатқанына қарсылық білдірмейді, ал ол ақшаға не істейді? Осындай нысандарды сататындай әлде бізде бюджет тапшылық көріп жатыр ма? Неге ұзақ мерзімге жалға бермеске? Егер оны ұстауға қаржысы жетсе, онымен коммерсанттар айналыссын. Сұрақтар көп", - деп түйіндеді сөзін сұхбаттасушы.

nur.kz