Донецк халық республикасы Путиннен көмек сұрады
2014 ж. 29 мамыр
2116
0
Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" жетекшісі Денис Пушилин Ресей президенті Владимир Путин мен орыс халқынан көмек сұрап, тағы да мәлімдеме жасады.
Екі күн бойы Украина әскері мен сепаратистер арасында кескілескен шайқас жүрген Донецк қаласында сәрсенбі күні атыс саябырсыды."Бізді орыс болғанымыз үшін өлтіріп жатыр, біз Ресейдің бір бөлігі болғымыз келеді" деді ол. Пушилин бұның алдында Ресейден сепаратистерге жәрдем беруін сұрап мәлімдеме жасаған еді.
Сепаратистер ондаған адамы мерт болғанын хабарлады. Мәскеу Киевті Украинаның шығысындағы әскери операцияны дереу тоқтатуға шақырды.