Путин Украинамен шекарадағы Ресей әскерін әкетуді бұйырды
2014 ж. 20 мамыр
1525
0
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен шектес үш облыста жаттығулар өткізіп жатқан әскерді өз базаларына қайтуға бұйырды.
19 мамыр күні Кремль таратқан хабарламада Путиннің Ростов, Белгород және Брянск облыстарындағы "жоспарланған көктемгі әскери жаттығуларға" қатысқан әскери бөлімдердің өз тұрғылықты аймақтарына қайтуды бұйырғаны айтылған.
Бірақ Украинамен шекарадағы әскердің барлығы әкетілетіні, я біраз бөлігі қалатыны айтылмаған. Бұған дейін НАТО өкілдері Ресей Украинамен шекараға таяу тұста 40 мыңға тарта әскер шоғырландырды деп алаңдаушылық білдірген еді. 7 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин әскердің шекарадан әкетілгенін мәлімдегенімен, НАТО мен АҚШ өкілдері әскер қарасының азаю белгілері байқалмайтынын айтады. Батыс елдері Ресейді шекараға әскерін шоғырлап, Украинаның шығысындағы жағдайды ушықтырып отыр деп айыптаған еді.nur.kz