Шымкентте желден құлаған ағаш хайуанаттар бағының қызметкерін мерт қылды
2014 ж. 12 мамыр
1646
0
Шымкентте қатты желдің салдарынан хайуанаттар бағының қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдай 12 мамыр күні таңы сағат 8-де орын алған.
Хайуанаттар бағының директоры Сейдулла Жұбаевтың айтуынша, қатты желдің салдарынан ағаш тамырымен жұлынып, әйел адамның үстіне құлаған. Ол оқиға орнында көз жұмған. Алдын ала анықталғандай, Гүлназ Түленова хайуанаттар бағында 25 жыл жұмыс істеген. Ол жыртқыш аңдарға қараған екен. Енді 52 жастағы әйелдің артында күйеуі мен үш баласы қалды.
Қазір қаза болған әйелдің денесіне сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оқиға орын алғаннан кейін Төтенше жағдайлар қызметкерлері дереу ағаштарды қарап шығып, бірде-бір ескі ағаштар таппаған.
tengrinews.kz