Қызылордада жеке компания жұмысшыларына үш жыл бойы жалақысын бермеген
2014 ж. 11 мамыр
1615
0
Қызылордада тас уатумен айналысып келген компанияның жұмысшыларға жалақы бермей жүргеніне бақандай үш жыл болыпты. Ал, үш жылдан бері кәсіпорынмен дауласудан жалыққан жұмысшылар үмітін үзуге жақын.
Дегенмен, мемлекеттік органдар шындап айналыспаса, бұл даудың шешуі қиын тәрізді. Жұмысы тоқтаған зауыт маңына жұмысшылар күнде келеді. Үш жыл бойы алмаған, қолдарына тимеген жалақыларын іздеп. Бірақ нәтиже жоқ.
Бүгінде тас майдалаумен айналысып келген "Альянс -Доломит" компаниясының қызметкерлері алдындағы берешегі әрқайсысына 350 мың теңгеден -850 мың теңгеге дейін жетіпті.
Зауыт басшысы осы уақытқа дейін бар-жоғы екі-үш айда 10-15 мың теңгеден айлықтың бөлігін беріп, алдап келген көрінеді.
Бүгінде зауыт техникасы алып далада қараусыз қалған. "Альянс-Доломит" компаниясы жарық пен салыққа қарыз болған соң, жұмысшылардың жалақысы да төленбей, таудай болып үйіліп қалған. Бірнеше құзырлы органдарға шағымданған азаматтар ақыры істің қаралуына қол жеткізіпті.
Аталмыш серіктестік жұмысшылар алдындағы қарызының барын мемлекеттік еңбек инспекциясындағыларға растап отыр.
Олардың айтуынша, аталмыш компания басшыларының үстінен екі рет шағым келіп түсіпті.
Алғашқы арыз бойынша 4 млн теңге берешегі бары анықталып, ақыры өндірілген. Ал бұл жолғы қарызы 6 млн 400 мың теңгеге жеткені туралы ақпарат тиісті органдардың қолында. Қазір істі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
31 арна