Рахат Әлиев Мальта аралдарынан Грекияға көшіп кетті
2014 ж. 29 сәуір
1876
1
Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі, өз отанында 40 жылдан астам уақытқа сотталған Рахат Әлиев Мальта аралдарынан Грекияға көшіп кетті деп жазады Новости Казахстан агенттігі.
Қазақстанда оны қылмыстық топ құрды және билікті күшпен басып алмақ болды деп айыптаған болатын. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, ол Грециядан Мальта билігіне хат жазып, өзіне қауіп төніп тұрғанын хабарлаған.
Бұған дейін Malta Today хабарлағандай, Мальтаның қылмыстық соты Әлиев пен оның әйелі Эльнар Шоразованың активтеріне тыйым салуға ордер берген болатын.
Сонымен қатар, олармен байланысы бар барлық компанияға кез-келген мүлікті жылжытуға, иемденуге шектеу қойған.
"Новости Казахстана"