Қазақстан бір күнде 2 жер серігін ұшырады

photo_4384Бүгін, сәуірдің 28-і күні Францияның Гвиана аймағындағы Куру ғарыш айлағынан жердің қашықтан бақылаудың "KazEOSat-1" жер серігі орбитаға шығарылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "KazSat-3" жер серігі ұшырылған болатын. "Протон-М" зымыран тасығышы онымен бірге ресейлік "Луч-5В" ғарыш аппаратын да алып кетті. "KazSat-3" - байланыс спутнигі. Оның негізгі мақсаты - теледидар, ғаламтор және жалпы ақпарат алмасу байланыстарын жақсарту. Роскосмостың хабарлауынша, Қазақстанның байланыс спутнигі Астана уақыты бойынша сағат 19:57-де негізгі блогтан бөлініп, орбитаға шығуы тиіс.

"Бұдан басқа, бүгін (екі елдің уақыт айырмашылығы - 9 сағат алда. Қазақстандық жер серігі Францияның жергілікті уақыты бойынша сәуірдің 28-і түнгі сағат 22:35 ұшады. Ол кезде бізде таңғы сағат 07:35 болады - авт.) Францияның Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылаудың "KazEOSat-1" атты қазақстандық жер серігі орбитаға шығарылады. Сөйтіп, ел тарихында алғаш рет бір тәуліктің ішінде  Қазақстанның екі бірдей ғарыш аппараты ұшырылмақ", - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

tengrinews.kz