7 жасар сәби жоғалып кетті
2014 ж. 25 сәуір
2287
1
Қостанай облысында әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Рудный қаласында жеті жасар қыздың жоғалып кеткені жайлы шұғыл хабар таратуда.
Рудный, Қостанай мен жақын аудандардың тұрғындарының назарына! 7 жасар Виктория Ганя есімді қыз шіркеудің маңында жоғалып кетті. Оны бір ер адамның ертіп кетіп бара жатқанын көргендер бар.
"Қыз баланың үстінде ашық түсті сары күрте, көк джинс белдемше болған. Көмектесіңіздер, көрген-білген адамдар болса, хабар беріңіздер. Ер адамның белгілері: шашы қара, үстінде қара былғары күртесі болған, джинс шалбар киген", - делінген хабарламада.
ІІД өкілі Елена Кашаринаның хабарлауынша, іздеуге әскери бөлімнің сарбаздары, сонымен бірге Рудный білім бөлімінің қызметкерлері мен Соколов-Сарыбай кен байыту орнының жұмысшылары, еріктілер кірісті.
Адамдар жергілікті жерлерді шолып қарап жатыр. Жедел тергеу тобының құрамына тәжірибелі қызметкерлер енген. Топ жұмысын және іздеу шараларын Қостанай облысының ІІД басшысы Т.Маткенов басқарады.
Полиция қызметкерлері жоғалған қыз жайлы ақпаратты таратты: бет әлпеті еуропалық сипатта, жасы жетіде, бойының ұзындығы 100 см, беті сопақ, шашы қара, қастары имек, ерні жіңішке. Үстіне сары түсті күрте, күлгін түсті шұлық киген, басында ақ түсті орамал мен аяғында сұр түсті аяқ киім болған.
Полицияның ақпараты бойынша, бұл іске 30-35 жастағы, бойы орташа келген еуропалық ер адамның қатысы болуы мүмкін.
nur.kz