Алматыдағы әл-Фараби даңғылы әлемнің қымбат көшелері тізіміне енді
2014 ж. 14 сәуір
3137
0
Cushman&Wakefield тобының апталық есебінің қорытындысына сәйкес Алматыдағы әл-Фараби даңғылы әлемнің ең қымбат көшелері рейтингісінде 40-орынға тұрақтады.
2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, Қазақстан 6 сатыға жоғары көтерілді. Жаңа дерек бойынша Қазақстан Будапешт, Варшава, Бангкок сынды елдерді артта қалдырып, Дубай қаласының деңгейімен теңесті.
Рейтинг бойынша әлемнің ең қымбат көшесі - Гонконгтың Causeway Bay көшесі болып тұр. Мұнда 1 шаршы фут жердің орташа айлық құны 1950 АҚШ долларын құрады.
Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығын шолушылардың айтуынша, Алматыда премиум-алаңдардың бір айдағы орташа құны 140 АҚШ долларын құрап отыр.
Олардың мәлім етуінше, әл-Фараби көшесінің "қымбаттауына" Louis Vuitton, Burberry,Gucci, Ralph Lauren, Dolce & Gabbana, Fendi, Breitling Omega брэндтері мен 5th Sacks Avenue сауда желісінің ашылуы әсер еткен. Бұл нысандардың пайда болуы бағаның шарықтауына әкеп соққан.
nur.kz