ЗЫРЯН МЕН АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР САНАТЫНА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
2014 ж. 14 сәуір
6669
1
Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды. Мұндай Жарлыққа Қазақстан Республикасы Президенті қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялады.
Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы
Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 8 сәуір. №790