А.Бралиев «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығарылды
2014 ж. 09 сәуір
1921
1
«Нұр Отан» партиясы Теректі аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының шешімімен партия беделін түсіретін әрекеттері үшін Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бралиев партия қатарынан шығарылды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.
Еске сала кетейік, 6 сәуір күні А.Бралиев Орал қаласында мас күйінде «Тойота Камри» автокөлігімен үш бірдей адамды қағып кеткен болатын. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 және 20 жастағы қыз алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілсе, басынан жарақат алған 43 жастағы әйел облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Облыстық аурухана директорының орынбасары Жұмабек Шайхиевтің сөзіне қарағанда, қазір ол ем алу үстінде, жағдайы орташа.
Қазақпарат