Қарағанды облысында тасқын су үйлерді қиратты
2014 ж. 04 сәуір
1928
1
Ал осы Қарағанды облысындағы ахуал ушыға түсуде. Енді Осакаров ауданындағы Қарағайлы мен Николаев ауылдарын Есілдің тасқыны шайып кетті.
Әйтеуір, бұл жолы адам шығыны жоқ деп хабарлайды КТК арнасы. Бір қуанарлығы, тұрғындарға "тасқын болуы мүмкін" деген қауіп алдын-ала хабарланған. Сондықтан жұрт малын айдап далаға қашып үлгеріпті.
Бірақ ағысы күшті селмен бірге келген алып сеңдер алақандай ауылдың астан-кестеңін шығарған. Қатты соққыдан Қарағайлы ауылындағы 6 үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалыры қақырап, іргелері сөгіліп кетіпті. 50-ден астамын су шайып, Николаев ауылында да 20 шақты үйге су кірген.
Қазір жалпы саны 300 ге тарта тұрғынға аудан орталығынан уақытша баспана бөлінген. Ал үйі қирағандар не істерін білмей зар илеп отыр.
"Мынау үйді қарызға алып жөндеп алғанбыз, бұдан да жаман болатын. Бірақ екеуміз барлық еңбегімізді салып жасап едік. Сонымен кешегі екі күнгі селге апатқа ұшырап қатты күйзеліске түсіп отырмыз. Екі баламыз бар бұл үйде тұру мүмкін емес", - дейді Қарағайлы ауылының тұрғыны Бұлбұл Арқалық.
tengrinews.kz