Алматының жері опырылып, адамдар зардап шегуде
2014 ж. 02 сәуір
2156
0
Алматыда жер қабатының опырылып түсуінен 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер қабатының опырылып кету оқиғасы сәуірдің 1-і күні күндізгі сағат 11.21-де Рысқұлов даңғылы бойында салынып жатқан жолайрық аумағында орын алған.
"Жер қабатының опырылып кетуіне байланысты жағдай құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында орын алған. Соның салдарынан "Алматы-Техно-Сервис LTD" ЖШС-нің 1976 жылы туған жұмысшысы қайтыс болды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Екінші оқиға Медеу ауданы аумағындағы жеке секторда сәуірдің 1-і күні сағат таңғы 09.05 тіркелген. "Жұмысшылар жер үйлер маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанда жер қабаты кенеттен опырылып кетуінен 1982 және 1992 жылы туған екі жұмысшы жан тәсілім болды", - делінген ТЖМ таратқан мәліметте.
tengrinews.kz