ҚАЗАҚ КӨШIНЕ ҚАРСЫ ТАҒЫ БIР ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
2014 ж. 26 наурыз
1924
2
Жақында Қазақстан Республикасының премьер-министрi Серiк Ахметов қол қойған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысы қолданысқа енгiзiледi. Ол – «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесiн беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» деп аталады.
Естерiңiзде болса, К.Мәсiмов үкiметi тұсында “Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы” ҚР Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2102 өзгерiстер енгiзу туралы” ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 наурыздағы №362 Қаулысы бойынша елге келiп, ҚР азаматтығына өтiнiш берген өз қандастарымыздан “келген елiнде соттылығының бар болуын не жоқтығын растайтын құжатты” талап ете бастаған. Ал келген елiнен алып келген сол құжатқа сол елдiң осындағы дипломатиялық өкiлдiктерi мөр басып мақұлдайтын болған. Қазақ көшiнiң жиырма жылдан аса тарихында елге оралған қандастарымыз дәл осындай қолдан қиындатылған кедергiге кездескен емес.
Бiз Серiк Ахметов үкiмет басына келгенде сол баяғы қазақы көңiлмен, аталған кемшiлiктер тез арада жөнге салынады деп үмiттенгенбiз. Бiрақ “бiр қызымнан бiр қызым сорақы” дегендей, C.Ахметов К.Мәсiмовтен де асып түсiп “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын дайындатып қабылдатуы арқылы ел билiгi 22 жыл бойы табанды жүргiзiп келген көшi-қон саясатын бiр жолата құрдымға кетiрдi. Ендi С.Ахметовтiң аталған қаулысынан кейiн, шетелдердегi қандастарымыздың Қазақстанға оралуы iс жүзiнде мүмкiн болмайтынын ашық мәлiмдеуге мәжбүрмiз.
Ендi С.Ахметов қаулысынан туындайтын нақты зардаптарға талдау жасап көрелiк. Аталған қаулымен бекiтiлген “Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру” мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында: “Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiш (бұдан әрi – өтiнiш) бередi. Он алты жасқа толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз болып табылатын көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн ата-анасының бiрi немесе заңды өкiлi бередi. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi: 1) ұлттық паспорттың көшiрмесi және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, өтiнiш беру күнiне олардың жарамдылық мерзiмi күнтiзбелiк 180 (бiр жүз сексен) күннен артық болуы тиiс; бiрлескен қолдаухат беру кезiнде: баланың туу туралы куәлiгiнiң немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы; 2) Қазақстан Республикасында болудың заңдылығын растайтын құжаттың көшiрмесi; 3) оның азаматтығы мемлекетiнiң жазбаша келiсiмi ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында баспана берiлген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда); 4) өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растау туралы құжат. Оралмандардан, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған бұрынғы отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңiлдетiлген тәртiппен алу құқығы бар адамдар және бiрге келген олардың отбасы мүшелерiнен төлем қабiлеттiлiгiн растау туралы құжат талап етiлмейдi; 5) азаматтығы тиесiлi және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетiндегi соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат; 6) 14-тен 16 жасқа дейiнгi баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келiсiмi.
Жаңа қаулыда көрсетiлген шетелдiктер, немесе уақытша шетелдiк төлқұжатпен келген өз қандастарымыз өтiнiшпен бiрге ұсынатын он түрлi құжаттың iшiнде “оның азаматтығы мемлекетiнiң жазбаша келiсiмi ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат” және “ азаматтығы тиесiлi және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетiндегi соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат” 2012 жылдың соңғы жартысынан бұрын, яғни, К.Мәсiмовтiң 2012 жылғы 28 наурыздағы №362 Қаулысы қолданысқа енуден бұрын, елге оралған ұлты қазақ азаматтардан талап етiлмейтiн. Ал С.Ахметов сол қателiктi қайталады....
"Жас Алаш"