Жоғалған "Boeing" ұшағы Үнді мұхитына құлаған
2014 ж. 26 наурыз
1812
0
Boeing-777-200 ұшағы апатқа ұшырап, Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіндегі суларда өзінің сапарын аяқтауы әбден мүмкін.
8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - "Boeing 777" жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті.Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағы жолаушыларының туыстарына "ұшақ Үнді мұхитының оңтүстік тұсына құлаған" деп хабарлады.
Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.
Ұшақты іздестіруге 25 мемлекет көмектесіп жатыр. Іздеушілердің бірі Австралия маңындағы мұхиттан жоғалған ұшақ белгілеріне ұқсас сынықтар көргенін хабарланған.
nur.kz