Мұғалім оқушыларына есірткі сатқан
2014 ж. 13 наурыз
2171
2
Жамбыл облысының полицейлері ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімнің есірткі сатуға қатысы барлығын анықтады.
ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Шопырхан Жапабаевтың айтуынша, 44 жастағы Манкеева Меркі ауданындағы орта мектепте 9 жылдан бері ағылшын пәнінен сабақ беріп келген.Облыстық ІІД мәліметтеріне қарағанда, ол Меркі ауданы аумағында есірткі заттарын дайындаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топтың құрамында болған.
Ол 10 сынып оқушыларына есірткі сататын болған. 6 сыбайласымен бірге ұсталды.
Қылмыстық топтың жетекшісі мұғалімнің азаматтық некедегі күйеуі. Құрықталғандардың бесеуі Меркі ауданының, ал екеуі Тараз қаласының тұрғындары.
"Қанша сатқаны, қашан және кімге сатқаны тергеу барысында анықталатын болады", - дейді Ш.Жапабаев.
Қазақпарат