Сабақ білмеген оқушыдай Қаппаров Мәжілістің қаһарына ұшырады...
2014 ж. 06 наурыз
2083
0
Нұрлан Нығматулин тағы бір министрге мінез көрсетті. Бұл жолы Мәжіліс спикерінің қаһарына ұшыраған Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.
Ол аздай баяндама барысында өзімен бірге еріп келген орынбасарларынан бірнеше рет көмек сұрап, жан-жағына жалтақтаумен болды. Ал, Мәжілістің жалпы отырысына дайындықсыз келген министрлерді Нұрлан Нығматулиннің суқаны сүймейді.Төменгі палатаға дайындықсыз келген шенеунікті депутаттар да аяған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
-Екінші сұрақ қандай еді, кешіріңіз?
-Вице-министрдің көмектесуіне рұқсат етіңіздер!
-Гүлмира, Гүлмира айтып жіберші...
Осылайша Қаппаров сабаққа әзірленбей келген оқушының кейпіне түсті. Жаңа заң жобасын таныстыруға келген министр қайта-қайта депутаттардың сұрағын ұмытып қалса, кейбірінің сауалын мүлдем түсінбей састы.
Төменгі палата спикері бұған дейін баяндамасын ежіктеп әрең оқып шыққан Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаевты тура мінберден қуып шыққан болатын. Алайда, Нұрлан Қаппаровтың бұл жолы болды. Ол тек қатаң ескертумен шектелді.
"Серғазиннен бастап, спикер бар, бәріміз сізге жауап беруге көмектестік.Сондықтан екінші оқылымға сіз командаңызбен бірге жақсылап дайындалып келіңіз. Бұл не мазақ, сұрасақ түсіндіре алмайсыңдар. Болмаса "дайын емеспін" дейсіңдер?", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
КТК арнасы
*Тақырып ауыстырылды