Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын тұтқындалды!
2014 ж. 05 наурыз
2287
2
Үлкен көлемде пара алды деген күдiкпен Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Арын ұсталды, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң баспасөз қызметi.
"Павлодар облысы әкiмдiгiнiң бiрқатар лауазымды тұлғаларына қозғалған қылмыстық iстiң негiзiнде 2014 жылы 4 наурыз күнi демеушiлерден Павлодар облысын абаттандыруға берiлген қаржыны жымқырды және iрi көлемде пара алды деген күдiкпен Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Мұхтарұлы Арын ұсталды", - делiнген хабарламада.
Қазiргi уақытта тергеу жұмыстары жүруде.
gazeta.kz