Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президентіне іздеу жарияланды
2014 ж. 05 наурыз
1652
0
Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық қауымдастығының президенті Талғат Акуовке іздеу жарияланды. Дерек көздердің мәлімдеуінше, оның мойнында 23 млн теңге қарыз бар.
Кезінде аталған қауымдастық бұл қомақты қаржыны кәсіпкер Николай Канға қарызға берсе керек, деп хабарлайды 24.kz.
Осы іспен айналысып жатқан Алматыдағы Әуезов аудандық бөлімінің сот орындаушысы банктерде жатқан Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық қауымдастығының қаржысына тұсау салған.
Алайда Талғат Акуовтың өз атында еш мүлкі жоқ екен. Былтыр қараша айында осы жағдайға байланысты түсіндірме жазған кезінде көрсеткен мекен-жайда Талгат Жаудыұлы тұрмайтын болып шықты. Сол себепті сот оған іздеу жариялаған.
nur.kz