Лаңкестік оқиға Қытайда орын алды
2014 ж. 03 наурыз
2237
1
ҚХР билігі елдің оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласының теміржол вокзалында болған лаңкестік оқиғаға жауапкершілікті синьцзян сепаратистеріне артып отыр.
Жергілікті билік орындарының мәліметіне қарағанда, Куньмин қаласындағы террористік акті алдын ала жоспарланған және оны синьцзян сепаратистері жүзеге асырған.
Соңғы мәлімет бойынша 29 адам мерт болған, 130-дан астамы жарақаттанған.
Еске сала кетсек, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:00-де қаруланған 10 адамнан құралған топ Куньмин қаласының теміржол вокзалына шабуыл жасаған. Полиция олардың бесеуін өлтіріп, бірнеше күдікті адамды ұстады. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазақпарат