Қарт ананы пәтері үшін қорлаған
2014 ж. 28 ақпан
2097
2
Шымкентте бір топ қылмыскерлер 78 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның пәтерін сатып жіберген, деп хабарлайды otyrar.kz
"Сотталғандар Затькова атты азаматшаны ұрлап, Тараз қаласында 1,5 айдай ұстаған. Кейін оның пәтерін 2 миллион 926 мың теңгеге бір азаматқа сатып жіберген", - дейді Мақсат Балқыбеков, Әл-Фараби аудандық прокурорының көмекшісі.
Тергеу амалдары барысында тәртіп сақшылары қылмыстық топтың 5 мүшесін анықтаған. Күдіктінің біреуі ізін суытып үлгерген.
Сотталушыларға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінә тағылды: тонау, алаяқтық, адам ұрлау және жалған құжаттарды әзірлеу.
Сот шешіміне сәйкес екеуі мал-мүлкінің тәркіленуімен жалпы тәртіптегі колонияда 8 жыл жазасын өтейді. Топтың өзге мүшелері сәл жеңілдеу жазаға кесілді.
Сондай-ақ сот айыпкерлерді жапа шегушіге пәтері мен баспананың техникалық құжаттарын қайтаруға міндеттеді.
nur.kz