Көлік соққысынан әйелдің денесі қақ бөлінген
2014 ж. 26 ақпан
2334
0
Алматыда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді.
Жол-көлік оқиғасы 26 ақпан күні таңертең Тілендиев және Төле би көшелерінің қиылысында болды. Toyota жүргізушісі Төле би көшесімен келе жатып, әйелді қағып өткен.
Lenta.kz сайтының хабарлауынша, әйелдің жасы 68-де болған.
Соққының қатты болғаны сонша, жаяу жүргіншінің денесі қақ бөлінген. Көлік қаққан кезде марқұмның сөмкесі ұшып кетіп, қапталда келе жатқан №106 автобустың терезесін сындырды. Қоғамдық көлікте 3-4 жолаушы болды, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде көшені кесіп өтіп бара жатқан, ал қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші оны байқамай, қиылыстан тез өтіп үлгергісі келген.
tengrinews.kz