Жириновский Қазақ-Ресей қарым-қатынасына қалай әсер етті?!
2014 ж. 25 ақпан
3849
1
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мамандары Мемлекеттік дума депутаты, ЛДПР лидері Владимир Жириновскийдің Орттазиялық округ құру туралы мәлімдемесіне түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаментіне сілтеме жасап.
Ресей сыртқы саясат ведомствосы өкілдерінің хабарлауынша, ҰҚШҰ бойынша стратегиялық серіктес әрі одақтас Қазақстанмен арадағы өзара қарым-қатынастың қазіргі заманғы негізі 1992 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімде қаланды. "Қарым-қатынастардың дамуы 2013 жылғы 11 қарашада қол қойылған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік және одақтастық туралы келісімде одан әрі жалғасын тапты. Осы салмақты құқықтық негіздің біздің қатынастарымызды саясаткерлердің қауіпті, абайсыз мәлімдемелерінен сақтауға мықты қорған бола алатынына сенімдіміз", - дейді ведомство өкілдері Жириновскийдің пікіріне қатысты ресми көзқарас туралы сұраған Tengrinews.kz журналисіне. 25 ақпан күні РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып қайта тағайындалған Марат Тәжиннен сенім грамотасынының көшірмелерін қабылдады. Әңгіме барысында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық, интеграциялық құрылым шеңберіндегі өзара әрекет, аймақтық және халықаралық проблематика мәселелері талқыланды. "Кездесу Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы үшін әдеттегідей сенімді әрі тату атмосферада өтті. Қазақстан Республикасының елшісін Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қабылдады", - делінген РФ СІМ сайтындағы хабарламада. Ресей Мемлекеттік думасындағы оппозициялық партия жетекшісі Владимир Жириновскийдің спикердің орынбасары әрі қорғаныс жөніндегі комитеттің мүшесі екенін айта кету керек. Ол "Россия 24" телеарнасының эфирінде 23 ақпан - Ресейдегі Отан қорғаушы күніне орай сөйлеген сөзінде "Орталық Азияда ешқандай республика болмауы керек. Ортаазиялық федералдық округі, оның басты қаласы - Верный! Бүгінде қаланың бөтен атауы бар, Алма-Ата - менің туған қалам. Оны Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақстан ойлап тапты. Ортаазиялық федералдық округ!" - деп мәлімдеген болатын. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұдан кейін Жириновскийдің пікіріне байланысты Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне нота әзірлеп жатқанын хабарлады. Ал еліміздің саясаттанушылары Жириновскийге Қазақстанға кіруге тыйым салуды ұсынды. Экс-сенатор Ғани Қасымов оны саяси қайраткер болу құқығынан айыру керектігін айтты. РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік думасы аппараты жетекшісінің орынбасары, қоғаммен байланыс және БАҚ-пен өзара әрекеттесу жөніндегі басқарманың бастығы Юрий Шувалов Қазақстан мен Ресей қатынастарында ешқандай өзгерістің болмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, қазір ресейлік халық қалаулыларының сөзін дұрыс жеткізбеу байқалып отыр.tengrinews.kz