Қарлы ауа райы күтіп тұр
2014 ж. 19 ақпан
2700
0
Ақпанның 20-22-сі күндері еліміздің көп облысының аумағында қар жауады. Бұған дейін болжанғандай, Қазақстан аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінде туындаған циклон келіп, көп облыста жауын-шашынның, әсіресе қардың жаууына себеп болады. "Оңтүстікте және батыста күн тұманды болып, солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда боран соғады, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, сонымен бірге, ауа температурасы қалыпты мөлшерден 3-8 градусқа жоғары болады", - делінген хабарламада. Мамандар бұған дейін Қазақстан аумағында суық ауа райын ұстап тұрған қуатты антициклонның бұзылып, Моңғолия аумағына қарай жылжи бастайтынын хабарлаған еді. Сөйтіп, еліміздің аумағында аязды жылы температура алмастырады. Метеорологтердің мәліметінше, алдағы күндері температура фонының жоғарылауына байланысты еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде өзен-сулардың мұзы жұқарады. Сырдарияда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы басқа да жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
tengrinews.kz