Бақыт Сыздықова тағы қарыз
2014 ж. 18 ақпан
4015
2
Өткен жылдан бері жұмыссыздар қатарын толықтырған Бақыт Сыздықованың қарызы тағы да көбейді.
Бақыт Сыздықованың қарызы бақандай 30 млн теңгені құрады. Оған бұл соманы қайтаруға 1,5 ай уақыт яғни, 26 ақпанға дейін мерзім берген. Егер тура сол уақытқа дейін қайтармайтын болса Ұлттық параолимпиадалық комитет сотқа жүгінуге мәжбүр.КазТАГ таратқан мәлімет бойынша, ол Ұлттық параолимдиадалық комитетте жұмыс істеген тоғыз ай ішінде қаржы алып, тиісті құжаттарды тапсырмаған.
Жағдай солай бола тұра бұл мәселе Сыздықованың ойына кірмейтін секілді. Ол болса әлі партияның қарызымен басы қатып жүр.
"Барлық қаражат тиісті нәрселерге жұмсалып кетті. Команда капитатында барлық чектер сақтаулы. Егер мені сотқа шақыратын болса, олардың барлығын көрсетуге дайынмын. Біз осы жылы партияға бірнеше рет тиісті қағаздарды көрсетіп, аталған қарызды кешіруді сұрадық. Олар уәде бергенмен ештеңе өзгерген жоқ",- деді Сыздықова.
Экс-депутаттың мәлімдеуінше, оған былтыр әлдекімдер параолимпиадалық комитеттегі қызметінен кетуді сұраған. Содан бері ол жұмыссыздар қатарын толықтырыпты.
BAQ.KZ