Әкім мен қара жұмысшы жанжалдасып қалған
2014 ж. 17 ақпан
1843
0
Атырау қаласының әкімі май құю бекетінің қызметкерімен жанжалдасып қалды деп жазады "Мегаполис" газеті. Бекет қызметкері әкіммен бірге еріп келіп, аумақты фото және бейнекамераларға түсіре бастаған журналистер тобының әрекетіне қарсы болған. Адамдарды бекет аумағынан шығарып жібермек болған жұмысшы әкімге тұрпайы сөйлеген. "Братан", айттым ғой, түсіруге болмайды", - деді ол. Бекет қызметкерінің әрекетін тәртіпсіздік деп бағалаған әкім Серік Айдарбеков көмекшілеріне полицияға хабар беруді тапсырды. Атырау қаласының әкімі доллар қымбаттағаннан кейін журналистермен бірге май құю бекеттеріндегі бағаларды тексермек болған. Ал фото және бейнетүсірілімдер май құю бекеттері үшін бас ауыртатын мәселе болып тұр. Бекет қызметкерлері араға өздерінің қауіпсіздік қызметтерін салып, журналистерді аумаққа жақындатпай әлек.
Tengrinews.kz