"Қазақ елі" атауына қатысты пікір көп
2014 ж. 10 ақпан
2816
2
Қоғам қайраткері Аманкелді Айталы "Қазақ елі атауы Кеңес Одағы кезінде Қазақ КСР аталғанда басқа ұлттар оған наразы болмаған еді. Бізге Қазақ Республикасы я Қазақ елі деп өзгертуімізге болады" деді Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме кезінде.
Аманкелді Айталы мырза КСРО тараған соң өздерін жұртта қалғандай сезінген басқа ұлттарға "Қазақстан Республикасы" деген атау ұнағанын алға тартады. Біздің еліміздің атауын өзгерту туралы мәселеде "стан" сөзінің орнына "елі" деген сөз жарасады.Қоғам қайраткерінің айтуынша, "1991 жылы тәуелсіздік алғанда Жоғарғы Кеңестің депутаттары: "Біз көп ұлтты мемлекетпіз, сондықтан Қазақстан деп аталуымыз керек" дегенді алға тартты. Кеңес Одағы тарамай тұрғанда Қазақ КСР деген сөзге ешкім үндемейтін. КСРО тарағанша "ренжімегендер" тәуелсіздік алғаннан кейін өзгеріп шыға келген".
"Қазір елдегі қазақтардың саны 66 пайызға жетіп отыр. БҰҰ шешімі бойынша, біздің Қазақ елі я Қазақ Республикасы деуімізге толық негіз бар. Көне әдебиеттерде "қазақия" деген сөз бар. Бірақ біз сонау замандарда бабаларымыз "елім-айлап" жыр айтты, ел қорғады. "Менің елім" дейтін содан ұғым қалыптасты. Содан кейінгі ұрпақ сондай идеяны сіңірді. Сондықтан Қазақ елі деген бастаманы құптаймын. Егер оған еліміздің ішкі идеологиялық жағы, талабы, саясаты сәйкес келсе...", - дейді А.Айталы
Tengrinews.kz