Сочи олимпиадасында қазақстандық спортшылардың киімдері үздік деп танылды
2014 ж. 10 ақпан
3233
0
Sports.ru ресей порталы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы ең үздік костюмдер рейтингісін құрды.
Оған 9 елдің олимпиадалық костюмдері кірген, ішінде қазақстандық олимпиадашылардың киімдері де аталған. Рейтингке сәйкес, көрермендерге Бермуд, Кайман аралы, Швеция құрамасының шолақ шалбарлары, Германияның түрлі-түсті киімдері ұнаған.
Құлақшын киген Ұлыбритания құрамасы, Жаңа Зеландияның тері тон жамылып шыққан ту ұстап шыққан спортшының келбеті көреременді тарта білген.
Фавориттер тізімінде Қазақстанның көк туымен түстес костюмдері, АҚШ құрамасының жұлдызды-жолақты киімдері және Тонга құрамасының жалғыз өкілінің формасы да көреремен көзіне түскен.
Қазақпарат