Қазақстан атауы "Қазақ елі" болып өзгеруі мүмкін
2014 ж. 07 ақпан
4091
15
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы ол Атырау облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердегі сияқты "стан" деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында "стан" қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн", - деді ҚР Президенті Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде.
Мемлекет басшысы бірлік пен төзімділікті сақтай отырып, еліміз барлық алға қойған мақсаттарына жететіндігін атап көрсетті.
"Біздің артықшылығымыз - көпұлысты халқымыздың әртүрлілігінде", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
nur.kz