Алматының "барахолкасы" тағы да өртенді...
2014 ж. 05 ақпан
1977
0
Алматы базарларының бірінде тағы ірі өрт оқиғасы тіркелді. Кеше кешкісін "Юпитер" базары қызыл жалынға оранған. Әскерилер базарды қоршауға алып, жолдарды жабуға тура келді. Шамамен 1500 шаршы метр аумақ жанып жатыр деп болжанған еді. Кейіннен базардың өртенген аумағын анықтау үшін пилотсыз ұшақ жіберілді.Өрттің қатты болғаны сонша, жапсарлас орналасқан "Алатау-1" базарына да қауіп төнді, дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары. Тілсіз жауды ауыздықтауға 900-ден астам адам мен 111 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметі сол маңнан арнайы пунк жасақтады.
Аэробейнетүсірілім кезінде қызыл жалын 400 шаршы метр жерді күлге айналдырғаны белгілі болды. Кешкі сағат 9-дар шамасында басталған өрт, түнгі 12-де бір-ақ ауыздықталды.
Айта өтейік, бұл Алматы базарларындағы алғашқы төтенше оқиға емес. Былтыр қыркүйекте "барахолканың" 5 мың шаршы метрі, қарашада 4 мың шаршы метрге жуық аумағы жанып кеткен болатын.
Қазақпарат