ҮКІМЕТ жауаптары формальды, ал ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ШЕТЕЛ БАНКТЕРІНДЕГІ ШОТТАРЫ туралы ақпаратты талап етеміз!
2014 ж. 16 қаңтар
1824
1
«Ақ жол» өзінің депутаттық сауалдарына үкіметтің берген формалды жауаптарына қанағаттанбайды және жоғары лауазымды шенеуніктердің шетел банктеріндегі шоттары туралы ақпаратты беруді талап етеді
«Ақ жол» өзінің депутаттық сауалдарына үкіметтің берген формалды жауаптарына қанағаттанбайды және жоғары лауазымды шенеуніктердің шетел банктеріндегі шоттары туралы ақпаратты беруді талап етеді – деп мәлімдеді Азат Перуашев бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында. 2013 жылғы «Ақ жол» ҚДП фракция мүшелерінің депутаттық сауалдарына үкіметтің жауаптарын талдау барысында, берілген жауаптардың көбісі формалды болғаны анықталды. «Олар төрешілдік сипатқа ие, кейде – тіпті біз көтерген проблемалардың тақырыбына маңыздылығы бара-бар емес; оның үстіне, «Ақ жолдың» депутаттары келтірген ақпараттарды ашықтан-ашық елемеген жағдайлар да болған», - деп атап өткен А.Перуашев және бірқатар депутаттық сауалдарға жауаптарды мысал ретінде келтірді. Мәселен, 2013 жылғы 2 ақпандағы «Ақ жолдың» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметіндегі кемшіліктері туралы депутаттық сауалына үкіметтен мүлдем қанағаттанарлықсыз жауап алынған болатын, осыған байланысты, фракция 2013 жылы 21 маусымда сауалды қайтадан жіберуге мәжбүр болды. Алайда, Үкіметтің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі жаңа жауабында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысына кеңпейілділікпен баға берілген. Үкіметтің екі жауабы да, фракцияның депутаттық сауалдарын қараған кезіндегі формалдылықтар туралы айғақтайды, дегенмен сол кездің өзінде банктің ішкі қолданыстағы ережелерін түбегейлі қайта қарау талап етілген. Көтерілген күрделі мәселелер Мемлекет Басшысының араласуынан кейін ғана шешіле бастады, ал Үкімет банк қызметіне бағаны кеше, яғни біз бірінші рет жүгінгеннен кейін 11 ай өткеннен соң ғана беріп отыр. «Ақ жолдың» қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарында тиындарды көрсетуді қысқартудың пайдалылығы туралы 2013 жылғы 15 мамырдағы сауалына, Үкіметпен еліміздің қолданыстағы заңнамаларына өзгертулер енгізу қажеттігі туралы формалды жауап берілген. Алайда, осы мәселені зерделеу және тіпті бірнеше жылдан бері жоқ, қажетсіз ақша бірліктерін есептеуді қысқарту жөнінде ешқандай да шаралар қолданылған жоқ. 2013 жылы 11 қыркүйекте әлемдік оң тәжірибелерді ескере отырып, бірқатар басым салалар үшін сараланған салалық ҚҚС мөлшерлемелерін қолдану туралы сауал жарияланған болатын. Үкіметтің жауабында, сараланған салалық ҚҚС мөлшерлемелерін саралау жөніндегі мәселе Экономика министрлігінің жанындағы салық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс тобында қарастыру жоспарлануда деп хабарлады. Қарау нәтижелері туралы ештеңе хабарланбайды. 2013 жылы 25 қыркүйекте шет елдердің банктерінде Қазақстан үкімет мүшелерінің және мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының жеке есеп шоттарының бар болуы жөніндегі сауал жарияланған болатын. Алайда, Үкімет өзінің жауабында алынатын ақпараттың құпиялығына сілтеме жасаған болатын. «Егер де біз, билігінде мемлекеттік өте қомақты қаражаты бар лауазымды тұлғалардың шет елдердегі шоттары және табыстары туралы айтып отырсақ, қандай құпиялық жайлы сөз болуы мүмкін?», - деп сұрайды ақжолдықтар. Олар осы мәліметтердің қатардағы азаматтарға белгілі болуы тиіс екеніне сенімді. Өркениетті әлемде үкімет мүшелерінің шығыстары туралы деректер ашық және қоғамға қол жетімді болып табылады. 2013 жылы 2 қазанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру бойынша сауал жарияланған болатын, онда Қарағандыдағы «ҚазАвиаСпектр» зауытын мысалға алып, дәрменсіз жобаларды қаржыландыруды қысқарту қажеттігі туралы мәселе қойылған. Алайда, осы жоба 2013 жылы 9 қазанда Президенттің өткір сынына тап болса да, бұл мәселе бойынша ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 4 қарашадағы жауабында ақпарат берілген жоқ. 2013 жылы 7 қарашада «СК-Фармация» ЖШС тарапынан вирусты гепатитті емдеу үшін вакцина сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық нормаларды бұзғаны туралы сауал жарияланған болатын. Үкіметтің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы жауабында сауалдың өзінде келтірілген статистикалық деректер ғана көрсетілген. Аталған мәліметтер бойынша ақпаратты фракция тек Бас Прокуратураның жауабынан алды. 22 қарашада автокөліктермен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде, онда жасырын тасымалдауларға қарсы әрекет ету және осы салада кәсіпкерлердің заңды қызмет көрсетулерін ынталандыру жолымен шаралар қабылдау туралы сауал жарияланған болатын. Алынған жауапқа сәйкес, оның орнына уәкілетті органдар сауалда қауіп-қатер және қысқарту қажеттілігі де айтылса да керісінше – олардың көлеңкелі бизнеске өтуі үшін жағдай жасай отырып, адал, заңды кәсіпкерлерге талаптарды қатайтпақ болып отыр. «Осы келтірілген мәліметтердің барлығы мәселенің мәнісін түсінбегендік туралы, немесе орындаушылардың немқұрайдылық қатынасы туралы айтады, сондықтан да жауаптар ешбір байланыссыз жазылады, ал қазіргі жағдайда – тікелей керісінше мағынада. Өткен жылғы «Ақ жолдың» 60 депутаттық сауалдарына алынған жауаптардың жартысынан көбіне осындай кінәлар қоюға болады, - деп атап өтті фракция жетекшісі. Депутаттық сауал - жеке қолдаухат және өтініштер емес, ол азаматтармен байланыс құралы және парламенттің үкіметпен ауқымды, көбінесе жүйелік тақырыптар бойынша өзара әрекеттестігінің маңызды формаларының бірі. Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы парламентте депутаттармен көтерілген мәселелерге төрешілдік қатынасқа жол беруге болмайды деп есептейді. Фракция депутаттары Премьер-Министр С.Ахметовке жүгіне отырып, мысалдарда келтірілгендерді ретке келтіруді және келешекте парламент депутаттарының сауалдарына бұлай қарауға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, 15 қаңтар 2014 жыл, www.qazaquni.kz