Гүлнәр Каримованың жастар жобасы өз қызметін аяқтады

1356417720_1Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың Twitter-дегі парақшасы жабылып қалды. 20 қарашада Каримова парақшасында өзінің "Келажак овози" (Болашақ даусы) жастар жобасының бірнеше қызметкері экстремизм айыбымен тұтқындалғанын хабарлаған еді. Ол осыған байланысты қызметкерлерін босатып алу үшін полиция бөлімшесінде жүргенін жазған.Парақшасындағы соңғы жазба 21 қарашада шықты. Онда Каримова соңғы апталарда өзінің жазбаларын қарап жүргендерге алғыс білдірген. Соңғы бірнеше аптада Гүлнара Каримова Twitter-дегі аккаунтын бақылауындағы бірнеше радио және телеарналар қызметінің тоқтатылғанын, өзінің Terra Group медиахолдингіне қатысты тексеру жүргізіліп, арнайы қызметтің бұрынғы бірқатар қызметкерінің тұтқындалғанын хабарлау үшін пайдаланған еді. Гүлнара Каримова әкесі Ислам Каримовтың ықтимал мұрагері саналатын.

nur.kz