Алматы тұрғын үйлер бағасы жөнінен Орталық Азия қалаларының ішінде көш бастап тұр

almatyАлматы қаласындағы үйлер Орта Азия қалаларының ішіндегі ең қымбат үйлер деп танылды. Mezon порталы жариялаған статистика бойынша, Алматы қаласындағы бір шаршы метрдің бағасы 2300 долларды құрайды. Ашхабад қаласында бұл көрсеткіш – 1333-1388 доллар арасын, Душанбеде 1282-1375 долларды құрайды. Ал ең арзан үйлер Ташкент қаласында. Бір шаршы метрге 950-1000 доллар қаражат жеткілікті. Бұл статистикалық ақпаратты шығаруға әр елдің  риелторлық агенттіктері мен түрлі сайттардағы жеке жарнамалар көмектесіпті. Ал үйлер бағалары орналасқан аймағына қарай, үйдің тас не кірпіштен қалануы және биік үйлердің қай қабатында орналасуына  қарай қойылады. Орталық Азия елдерінің барлық астаналарында да қала орталығында орналасақан, кірпіштен қаланған, екінші не үшінші қабаттағы пәтерлердің бағасы қымбат әрі өтімді болып есептеледі. Астаналардың бұл тізіміне Қазақстанның бас қаласы Астана емес, оңтүстік астанасы Алматы қаласы еніп отыр.