Баспасөзбен байланыс – біліктіліктің бастауы
2013 ж. 28 тамыз
2205
0
Елдің жақсылығына қуанып, кемшілігін күйіне еткізетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – жаңалықтың жаршылары – тілшілер қауымы қандай да құрметке лайық. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының басшылығы да осынау төртінші билік өкілдерімен әрдайым тығыз байланыста.
Филиал төрағасы Ермекқали Юсупов облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағанбетовпен, «Қазақстан- Атырау» ТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Назарбек Қосшиевпен және оператор Өнербек Жаңабаймен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелері жөнінде кең пікір алысты.
Еліміздегі саяси реформалардың үрдістерін, Парламенттік партиялардың жаңа бастамаларын мейлінше шынайы көрсете білген жауынгер жанр жүйріктерінің еселі еңбегіне аймақтық «Ақ жол» басшысы оң бағасын берді.
Шындығында, «Ақ жол» партиясының басшылығына Азат Перуашев келгелі партия бұқарамен байланыстың басым бағыттарын талмай іздестіріп, қоян-қолтық жұмысқа белсене кірісті. Сөз жоқ, саяси партиялар мен демократиялықелдегі еркін баспасөздің қарым- қатынасы әрдайым біркелкі бола бермейді. Саяси партияның міндеті – баспасөз арқылы басты ой-пікірлері мен іс-әрекеттерін қалың жұртшылыққа жеткізу.
Бұл жолда ықпалды саяси ұйымның да әдіс-тәсілдері нақты болуға тиіс. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев білікті саясаткер ретінде төртінші билік өкілдерімен қашанда тығыз байланыста жұмыс жасауға машықтанған.
Партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы ЕрмекқалиЮсупов партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлының тікелей тапсырмасы бойынша аймақтың айтулы журналистеріне «Ақ жол» партиясының Орталық Аппаратынан келген Алғыс хаттарды табыс етіп, шығармашылық биіктерге жете берулеріне ақжарма тілегін білдірді. Мұның өзі «Ақ жол» партиясының қарапайым халықпен етене жақын екендігінің тағы бір мәрте жарқын дәлелі болды.
Бауыржан СИСЕН