Мәжіліс депутатының мәмілесі
2013 ж. 21 тамыз
1987
0
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының кеңсесіндеҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіжапарұлы Жазылбеков жергілікті тұрғындармен кездесіп, арыз-шағымдарын тыңдады.
Қоғамдық қабылдауда шаруа қожалығын ашудағы кедергілер, қарттар үйіне қабылдану жолындағы қиыншылықтар, көп балалы ананың құқықтық көмек сұрауы, мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлер мен мүгедек балаларға арналған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі арыздар, «Бес Тұлға» тұрғын үй кешені жұмысының тұралап қалуы жөніндегі мәселелер, Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшыларының банктік проблемаларға қатысты арыздары және т.б. өзекті мәселелер арнайы заңгердің қатысуымен талқыланды.
Төрт сағаттың ішінде Нұрлан Әбдіжапарұлы тұрғындардың тоғыз арызымен танысып, кейбір мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік бар екендігін, көп жағдайда тиісті органдардың жауапкершіліктеріне салғырт қарайтындығын қатаң сынға алды. Жазылбеков мырза қаперіне халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін ала отырып, депутаттық фракция жұмыстарында, Парламент қабырғасында құзырлы министрліктер мен лауазымды тұлғаларға арнайы депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді. Мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарға алдағы қыркүйек айында жаңа депутаттық жұмыс маусымы басталған соң, кезекті демалыс кезінде жиналып қалған арыз-шағымдармен дереу айналысатындығына уәде берді.
Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласы