Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
2026 ж. 16 қараша
413
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ирменов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген ақпаратта.
Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.
1996-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызмет лауазымдарында, ал 2000-2025 жылдары басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы Президент Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.