Азиада-2026: Айбек Оралбай Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды
2026 ж. 02 қазан
13
0
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Ерлер арасында 90 келіден жоғары салмақта қазақстандық боксшы Айбек Оралбай шаршы алаңға шығып, өзбекстандық Жахонгир Зокировпен алтын жүлдені сарапқа салды.
Үш раунд қорытындысы бойынша, отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарында жеңіп алған он бірінші, ал бокстан жеңіп алған екінші алтын медалі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Төрехан Сабырхан бүгін Жапонияда бокстан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.