Жаңа Конституция: "Ақ жол" өкілдері түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
2026 ж. 12 наурыз
44
0
“Ақ жол” Демократиялық партиясының өңірлердегі маслихат депутаттары мен белсенділері “Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” коалициясы аясында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
“Ақ жол” Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының Сарысу ауданындағы үйлестірушісі, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы Шыңғыс Абдрахманов “Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” Сарысу аудандық штаб мүшелерімен бірге аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Шыңғыс Басиеұлы Жаңа Конституцияда іскерлік ортаға тікелей әсер ететін маңызды қағидаттар қарастырылғанын атап өтті. Кәсіпкерлік еркіндікке кепілдік берілетінін жеткізді.
Бұдан соң коалиция мүшелері мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, конституциялық реформалар бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында көпшілікті республикалық референдумда ел болашағы үшін таңдау жасауға шақырды.

Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясы Астана қалалық филиалы қалалық кеңесінің мүшесі Д.С. Акимов Жалпыұлттық коалиция құрамындағы Жаңа Конституция жобасын талқылау аясында №3 мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі ережелері қарастырылып, конституциялық реформалар мәселелері бойынша қоғамдық диалогқа азаматтық қоғам мен педагогикалық қауымдастықтың қатысу маңыздылығы атап өтілді.
Ал, "Ақ жол" Демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының заңгері Нұрлыбек Амангелдиев "Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалиция мүшелерімен бірге Қызылорда қаласындағы "KEGOC" АҚ-ның "Қызылорда жылуэлектр орталығы" МҚК еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Ақжолдық Н.Амангелдиев жаңа Конституцияның мән-маңызы мен құндылықтарын түсіндіріп, жиын соңында ұжым қызметкерлерін 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, елдің болашағы үшін шешім қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ, «Ақ жол» Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалынан сайланған мәслихат депутаты М.К. Қабдығалиева елордадағы №83, №69, №71, №63 және №66 балабақшаларының педагогикалық ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің сериясын өткізді.
Іс-шаралар Жалпыұлттық коалиция құрамындағы Жаңа Конституция жобасы аясында өтті. Кездесулер барысында депутат мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне, әдіскерлеріне және әкімшілік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Іс-шара барысында білім алу құқығына, бюджеттік сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерге және азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Атырауда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері болса қалалық №6 емхананың ұжымымен кездесті. Кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан сайланған қалалық мәслихат депутаты Б.Әжіғалиев қатысып, жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер туралы айтты.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тегін медициналық көмек алу құқығы, медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайы, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек нормалары туралы түсіндірілді.
Депутат өз сөзінде жаңа Конституцияда адам өмірі мен қадір-қасиеті, қауіпсіздігі басты құндылық ретінде айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту, отбасы құндылықтарын нығайту және экологиялық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды.
Кездесу соңында ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа ҚР Конституциясын қабылдау жөнінде республикалық референдум өтеді. Осыған байланысты Павлодар облысында халықпен түсіндіру кездесулері де жалғасуда, олар күн сайын өткізіліп келеді.
Павлодар облыстық «Ақ жол» демократиялық партиясы филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов облыстық жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге «Jailau» фермерлік нарығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтылып, жекелеген баптарға тоқталып, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді.
Айта кету керек, жаңа Конституция тек құқықтық шеңберді ғана айқындап қоймай, мемлекеттің дамуындағы құндылықтық мәнді де белгілейді, қоғам мен билік үшін ортақ бағдарларды қалыптастырады.
Мемлекет қоғамның шешім қабылдауға белсенді қатысуы қағидатына негізделеді, мұнда халық басқару нысаны ғана емес, саясаттың толыққанды субъектісі ретінде танылады. Конституция қоғамдық қатысу нысандарын кеңейтіп, мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогты институционалдандырады.
Конституциялық модельдің негізінде адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде танылуы жатыр. Биліктің барлық институттары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сөзсіз басымдық ретінде ұстанады.

Сонымен бірге, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Астана қалалық мәслихатының депутаты Н.Е. Садырбаев «HBP GROUP» ЖШС еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара Жалпыұлттық коалиция құрамындағы Жаңа Конституция жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында депутат Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында қарастырылған негізгі өзгерістерге, соның ішінде азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу құқықтарын кеңейтуге, заң үстемдігі қағидатын нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау кепілдіктері мен еңбек құқықтарын күшейту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, коммерциялық сектор қызметкерлерінің мүдделеріне және іскерлік ортаны қорғауға тікелей қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.