Түркістан облысында инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

Түркістан облысында инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

Түркістан облысында инвестиция тарту, өңір экономикасын дамыту және кәсіпкерлікті жетілдіру бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Сондай-ақ, шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасу арқылы өңірге жаңа инвестицияларды тарту шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Осы мәселелер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды.

Жиынға салаға жауапты мамандар, облыстық басқарма өкілдері және кәсіпкерлік нысандарға қатысы бар жауапты тұлғалар қатысты. Олар өңірдегі инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы, «TURKISTAN» индустриалды аймағы мен «Turan» арнайы экономикалық аумағындағы өзекті мәселелер жайлы баяндама жасады.

Кеңес барысында инвестициялық жобалардың кезең-кезеңімен іске асырылуы, оларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, инвесторларға көрсетілетін қолдау шаралары және әкімшілік кедергілерді азайту бағытындағы жұмыстар талданды. Сонымен қатар, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардағы инфрақұрылымдық жұмыстарды жеделдету, жер телімдерін рәсімдеу, қажетті инженерлік желілермен қамту мәселелері пысықталды. Кәсіпкерлердің ұсыныстары ескеріліп, олармен өзара байланысты нығайту шаралары қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков салаға жауапты мамандар мен еншілес компания басшыларына барлық жобаларды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Оның айтуынша, өңірде жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар тек экономикалық тиімділік қана емес, сонымен қатар Түркістан облысының даму стратегиясына сәйкес келуі тиіс.

«Инвесторларға қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді жою және инфрақұрылымдық қолдауды қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз. Жобалардың сапалы әрі уақытылы іске асырылуы өңір экономикасының тұрақты дамуына тікелей әсер етеді», – деді Талғат Қозбеков.

Кеңес қорытындысында барлық қатысушыларға нақты тапсырмалар жүктеліп, инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру және кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүйелі түрде іске асыруға бағытталған нақты шаралар бекітілді.