"Берденовтің күдіктінің әйеліне көз салғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" - Әкімдік мәлімдемесі

"Берденовтің күдіктінің әйеліне көз салғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" - Әкімдік мәлімдемесі

Шымкент әкімдігі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың себебі ретінде күдіктінің әйеліне көз салғаны туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейміз”, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын еске салды.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, оқиғадан кейін интернетте түрлі болжамдар тарады. Солардың бірінде шабуыл тұрмыстық сипатқа ие болып, қызғанышқа байланысты болуы мүмкін деген нұсқа айтылған.